Бокстан Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия/Океания аймағындағы Олимпиадаға іріктеу турнирін қазақстандық Әбілхан Аманқұл сәтті бастады деп хабарлайды Olympic.kz.
75 келіде жұдырықтасқан Әбілхан алғашқы айналымда Оңтүстік Корея елінің өкілі Ким Чже Жинсейден басым түсті. Қазақстандық боксшы жекпе-жекті өз бақылауында ұстап, екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Кездесу қорытындысы бойынша бес төрешінің барлығы да Әбілханның мықтылығын мойындаған. Осылайша, Әбілхан Аманқұл 1/4 айналымға жолдама алды. Жартылай финалға өту үшін ол өзбекстандық Фанат Қахромоновпен кездеседі.
Айта кетелік, кеше шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшылардың барлығы да жеңіске жетті. Күндізгі сессияда Зәкір Сафиуллин (63 келі) мен Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) алғашқы айналымды сәтті аяқтаған болатын.