Әбілхан Аманқұл Президент кубогіне қатыспайды

1634

Әбілхан Аманқұл былтырғы Қазақстан біріншілігінің финалында сол жақ иығын жарақаттап алған болатын. 

Әбілхан Аманқұл Президент кубогіне қатыспайды

Бокстан Қазақстан командасындағы көшбасшы спортшылардың бірі Әбілхан Аманқұл елордада басталған Президент кубогі додасына қатыспайды. Бұл туралы боксшының жеке бапкері Нұрлан Ақүрпеков хабарлады, деп жазады Olympic.kz.

"Әбілхан жаттығу кезінде жарақат алып қалды. Сол себепті, Президент кубогі додасынан сырт қалып отыр. Алдағы бір-екі күннің ішінде ота жасау мәселесі анықталады", – деп қысқа қайырды бапкер.

Команда дәрігері де бұл ақпаратты растап, боксшыны шұғыл емдеу басталатынын жеткізді. Ұлттық құраманың спорттық медицина жөніндегі менеджері Зайра Жүнісованың айтуынша, Әбілхан спаррингтік кездесуде жарақаттанған. 

Еске сала кетейік, Әбілхан Аманқұл былтырғы Қазақстан біріншілігінің финалында сол жақ иығын жарақаттап алған болатын. Спортшы ұзақ мерзімді үзіліс алып, иығына ота жасатты. Жақында жарақатынан құлан-таза айыққан Әбілхан команда қатарына қосылып, Президент кубогі додасына дайындықты бастаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу