Әбілхан Аманқұл Ресейде өтіп жатқан турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

573

Бұл күндері Санкт-Петербургте бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр.

Әбілхан Аманқұл Ресейде өтіп жатқан турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Әбілхан Аманқұл аталған доданы сәтті бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз жарыстың алғашқы айналымында ресейлік Тамерлан Калиевпен кездесіп, жеңіске жетті. Ал 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Оразбек Асылқұлов қарсыласына есе жіберді. Ол халықаралық бәсекенің бірінші айналымында ресейлік Максим Чернышевтен ұтылып қалды.   
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу