Әбілхан Аманқұл WSB жобасының үздік боксшысы атағына үмітті

1207

Әбілхан Аманқұл WSB жобасының үздік боксшысы атағына үмітті

19 жастағы қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл бүкіләлемдік бокс сериясында "Жартылай финалдың үздік боксшысы" деген атаққа үмітті спортшылардың қатарында, деп жазады  Vesti.kz порталы. 
Әбілхан Аманқұл биылғы маусымда "Астана арландары" сапында екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. WSB отандасымыздың "Бритиш Лайнхартс" командасында өнер көрсететін Никита Абабиге  қарсы кездесуін жартылай финалдың үздік кездесулердің біріне қосып отыр. Бұл кездесуде біздің боксшымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен еді. 
Еске салайық, 19 жастағы Аманқұл "Астана арландарымен" бірге WSB жобасының юиылғы маусымдағы финалына шықты. Ақтық айқаста біздің боксшы жобаның екі дүркін жеңімпаздары "Куба қабыландары" командасымен кездеседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу