"Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі негізгі магистраль бойындағы 17 үй бойынша зақымданулар, екі тесілген жер анықталды. Қазір апаттың салдарын жою жұмыстары басталып кетті. Негізгі жұмысты сағат түскі үшке дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, жылу беру мүмкіндігі бар үйлер бойынша жұмыс жүргізілуде. Мұндай үйлер жылумен жабдықтау жүйесіне қосылған. 40 бригада жұмыс істейді", - деді аймақ басшысы.
Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, күннің соңғы бөлігіне дейін жағдайды толығымен тұрақтандыру жоспарланып отыр. Негізгі мәселе Мәшһүр Жүсіп көшесінде болып отыр. Жылу желілерінде суды көп тұтыну салдарынан су көп кеткен, алайда сыртқа жайылмаған. Зақымданған аумақты анықтау үшін үш күн бойы 300 шақырым қазылған. Нәтижесінде екі тесілген орын анықталған.
"Бұл ақауды жою бойынша бақылау жұмыстарын жүргіземіз. Ол жерде тәжірибелі жылу берушілер тұр. Жалпы, бүгін күннің соңына қарай жағдайды толығымен тұрақтандыруды жоспарлап отырмыз. Әлеуметтік нысандарды, ауруханаларды, перзентхананы аралап шықтық, температура қалыпты. Үйдің барлық тұрғындарымен жұмыс жүргізілуде. Жылыту қабылдау пункттерінде ыстық тамақ ұйымдастырылды", - деді облыс әкімі.
Әбілқайыр Сқақовтың сөзінше, пәтерлерде батарейлерге түскен қысымның салдарынан кварталішілік жүйе жарылып кеткен 5 жағдай тіркелген. Қазіргі таңда бұл үйлерде жұмыс жүргізілуде. Павлодар, Астана, Қарағанды, Петропавл қалаларынан бригадалар жұмылдырылған. Сонымен қатар оларға тұрғындар да белсенді көмектесіп жатыр.