Әбілқайыр Сқақов дәрігер іздеп жүр

840

Павлодар облысына 400-ден астам дәрігер қажет.

Әбілқайыр Сқақов дәрігер іздеп жүр

COVID-19 індетімен күреске дәрігер жетпей жатқандықтан, Павлодар облысының әкімдігі елге үндеу тастады. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов та онлайн-брифинг эфирін пайдаланып, медицина мамандарына жүгінді.

"Біз үшін қазір медицина қызметкерлернің жетіспеуі өзекті болып тұр. Үш ай ішінде стационарда жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің саны 6 есе өсті. 497-ден 2826 –ға дейін. Бүгінгі таңда жалпы қажеттілік 400-ден астам адамды құрайды. Біз қазір барлық медицина мамандарын жұмылдырдық. Бұрынғы медицина қызметкерлері мен медициналықоқу орындарының түлектері арасынан кадр іздеп отырмыз. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өтінішіне 103 адам жауап беріп, 17-сі жұмысқа кірісті. Тағы да 26 өз еріктерімен жұмысқа орналасты. 108 маман өзге медициналық ұйымдардан көмекке келді. Қосымша 15 маман жұмысқа кіріседі. Барлығы 166 маман тартылды. Оларға ықылас пен батылдығы үшін алғыс білдіремін. Біз мамандарды іздеуді жалғастырамыз. Орын алған ахуалға немқұрайлы қарамайтын адамдардың бәрін жұмысқа шақырамыз. Ол жұмыстың ақысы төленеді. Құрметті жерлестер, бұрын жұмыс істеген және білім алған медицина мамандары! Індетпен күрестің алдыңғы шебінде сіздердің көмектеріңіз қажет", – деді Әбілқайыр Сқақов.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу