Әбілқайыр Сқақов екібастұздықтардан кешірім сұрады

Бүгін ол аймақ басшысы лауазымынан босатылды. 

Әбілқайыр Сқақов екібастұздықтардан кешірім сұрады

Павлодар облысын осы уақытқа дейін басқарған Әбілқайыр Сқақов әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Мен үшін сіздерге қызмет ету аса зор құрмет болды. Мәселелерді шешуді басты басымдық ете отырып, мен әрқашан да барлығын шынайы және адал орындадым. Жылдар бойы жиналған мәселелердің біраз бөлігі шешілді, қалғандарын шешуге уақыт көбірек қажет болды. Екібастұздағы төтенше жағдай дәл сол – ұзақ уақыт бойы жиналып келген және тез шешілмейтін проблема. Дегенмен, қадірлі Екібастұз тұрғындары, мен қалыптасқан жағдай үшін өз жауапкершілігімнің де бар екенін білемін және сіздерден шын жүректен кешірім сұраймын! Осы күндері менің барлық ойларым мен уайымым сіздер туралы болды және солай болады. Сіздерге қайраттылық, ал мамандар мен әріптестеріме мәселенің жедел шешілуін тілеймін,-деп түйіндеді Әбілқайыр Сқақов. 

Сонымен қатар, жерлестеріне жақынырақ таныса алған мүмкіндік үшін, конструктивті сындарыңыз үшін, ашық диалог пен 3 жылға жуық уақыт артқан сенім үшін алғыс білдірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу