Абитуриенттердің құжаттары онлайн-режимде қабылданатын болады

1919

Биылғы жылы ЖОО-ға онлайн-режимде құжат қабылдау бірінші рет сынақтан өтеді. 

Абитуриенттердің құжаттары онлайн-режимде қабылданатын болады

2020 жылы қазақстандық жоғары оқу орындары абитуриенттердің құжаттарын онлайн-режимде қабылдайтын болады, деп мәлім етті білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов. 

"Қазір электрондық жүйені реттеп жатырмыз. Биылғы жылы алғаш рет қолданып көреміз. Келесі жылы жоғары оқу орнына түсу және жоғары оқу орнынан кейін білім алуды жалғастыру үшін құжат тапсыру толығымен онлайн-режимге көшеді деп ойлаймыз", – деді министр Тамыз конференциясында. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу