Әбләзовтің соты ашық режімде өтеді

806

Әбләзовтің соты ашық режімде өтеді

Алматы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбләзовтің ісін алдын-ала тыңдау басталды.

Сот залына іске қатысы бар 3 фигурант – банк басқармасының төрағасы Сәдуакас Мәмеш, кредит комитетінің төрағасы Жақсылық Жарымбетов, банктің кредит беру жөніндегі директоры Қайрат Садықов шақырылды.

Мұхтар Әбләзов сотқа келген жоқ. Сот процесі орыс тілінде, ашық режімде өтеді. Сотталушыларды 5 адвокат қорғайды.

Айта кетейік, Ресей үкіметі Мұхтар Әбләзовті елден 5 млрд доллар жымқырды десе, Қазақстан үкіметі 7,5 млрд-тан астам қаржыны қолды етті деп айыптап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу