"Әблязов ұйымдастырды": Петропавлда Қазақстаннан бөлінуге шақырғандар әдеттегідей кешірім сұрады

2881

Кеше ғана Қазақстаннан "тәуелсіз" болғысы келетінін жариялап, Петропавлда сепаратистік "Халық кеңесі" ұйымын құрған белсенділер көп ұзамай кешірім сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әблязов ұйымдастырды": Петропавлда Қазақстаннан бөлінуге шақырғандар әдеттегідей кешірім сұрады Фото: Бейнежазбадан алынды

Сөздерінше, түсінбестік болыпты-мыс. Олар мұны Әблязовтың адамдары алауыздық тудыру үшін ұйымдастырды деп есептейді. Сөздеріне қарасақ өздерін кінәлі деп сезінбейтін тәрізді.

Бірақ істің ақ-қарасы әлі анықталған жоқ. Тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауына алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу