Абрамович "Челси" клубын сатып, соғыстан зардап шеккендерге көмектеспек

823

The Telegraph басылымының жазуына қарағанда, олигарх Роман Абрамович "Челси" футбол клубын 4 миллиард фунтқа сату туралы келісімге қол қойды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Абрамович "Челси" клубын сатып, соғыстан зардап шеккендерге көмектеспек

Ақпаратқа сүйенсек, түсім, нақты айтқанда 2,5 миллиард фунт Ресей мен Украина соғысында зардап шеккендерге қайырымдылыққа жұмсалмақ.

La Dodgers бейсбол командасының тең иесі және Eldridge Industries негізін қалаушы Тодд Боули консорциумның қоғамдық тұлғасы болады деп күтілуде, дегенмен "Челсидің" ең үлкен акциялар пакеті Clearlake Capital американдық жеке инвестициялық компаниясына тиесілі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу