Абу-Даби 2018 жылға қарай мұнай өндіруді тәулігіне 3,5 млн баррельге жеткізбекші

1053

Абу-Даби 2018 жылға қарай мұнай өндіруді тәулігіне  3,5 млн баррельге жеткізбекші

Абу-Дабидің ADNOC ұлттық мұнай компаниясы 2018 жылға қарай мұнай өндіруді тәулігіне 3,5 миллион баррельге дейін ұлғайтпақшы, деп хабарлайды The National-ға сілтеме жасаған "Прайм".

Қазіргі таңда компания тәулігіне  3,15 миллион баррель мұнай өндіріп жатыр.

Әмірліктің Жоғары мұнай кеңесі бекіткен компанияның 2030 жылға дейінгі стратегиясында мұнай өндірісі және мұнай-химия өнімдерінің өндірісін арттыру жоспарланған.  Атап айтқанда,  компанияның ішкі сұранысының артуына байланысты 2022 жылға қарай бензин өндірісін – екі есеге, мұнайхимия өнімдері өндірісін 2025 жылға қарай  2,5 есеге арттыруды көздеп отыр.

Айта кетейік, ADNOC мұнай компаниясы 1971 жылы құрылған.  Мұнай және газ өндірісімен және қайта өңдеумен айналысады.  Мұнай-химия саласында жұмыс жасайды, сондай-ақ мұнай-сервистік қызмет және теңізде жүк тасымалдау қызметтерін көрсетеді.  Компанияның өз дерегі бойынша,  ол әлемде мұнай өндіру көлемі жағынан  12-орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу