"Этихад" әуе компаниясы Абу-Даби - Астана бағыты бойынша рейстер санын көбейтеді, деп хабарлайды ИДМ азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
2017 жылғы 1 шілдеден 31 тамызға дейінгі аралықта Біріккен Араб Әмірліктерінің Etihad Airways әуе компаниясы Абу-Даби – Астана – Абу-Даби бағыты бойынша аптасына 2-ден 3 ретке дейін рейстер санын арттырады. Бұл осы маусымдағы жолаушылар тарыпанан сұраныстың жоғарылауына байланысты жасалып отыр.
Рейстер сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері A-320 типті әуе кемесінде орындалатын болады.
Авиакомпанияның мәліметінше, Астанаға жасалатын рейстермен қатар Бахрейн, Кочин, Белград, Минск және Баку қалаларына да ұшулар саны артады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу