"Абу-Даби Плаза" кешенінің 76-қабатының құрылысы аяқталды

964

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Палестинаның Қазақстандағы елшісі Монтасер Абу Зейдті қабылдады.

"Абу-Даби Плаза" кешенінің 76-қабатының құрылысы аяқталды

Дариға Назарбаева кездесуде Қазақстан Таяу Шығыстағы өзекті мәселелерді бейбіт жолмен шешуді жақтайтынын және Палестинаны әлеуметтік-экономикалық тұрғыда тезірек оңалтуға бағытталған халықаралық қоғамдастықтың гуманитарлық акцияларын қолдап келе жатқандығын деп атап өтті, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызөметі.

Елші халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша қолдаулары мен ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.

Монтасер Абу Зейд сауда-экономика ынтымақтастығын дамыту туралы айта келіп, Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең биік ғимарат болатын көп салалы "Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылысы туралы хабардар етті. Қазірге дейін 76 қабаты салынды, қазан айының соңында "Sheraton" қонақ үйі пайдалануға берілетін болады.

Тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, Палестина азаматтары үшін виза тәртібін жеңілдету мүмкіндіктерін, сондай-ақ "Теңіз" мұнай кен орнындағы қақтығысты талқылады. Мәселелерді пысықтау үшін мекемеаралық комиссия құрылды. Сенат Төрағасы шетелдік азаматтардың Қазақстан заңнамасын сақтауы, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін құрметтеуі қажеттігін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу