Бүгін түсте Сығанақ көшесі, 60/5 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады inbusiness.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, шақыру орнына елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Оқиға орнында Абу-Даби Плаза ғимаратының бірінші қабатындағы желдету камерасы өртеніп жатқаны белгілі болды.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін қызметкерлер мен келушілер өз бетімен эвакуацияланды. Оқиға орнында жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің 16 техникасы мен 61 адамы жұмыс істеуде. Өрт сөндірілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу