Абу-Даби Плазадан шыққан өрт сөндірілді

694

Абу-Даби Плазадан шыққан өрт сөндірілді

Абу-Даби Плаза аумағынан шыққан өрт ауыздықталды. Өрт 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Оның айтуынша, асханадағы тұрмыстық техника мен жиһаз, құрал-жабдықтар өртенген. Оқиға орнына жылдам жеткен  өрт сөндірушілер жарты сағатта жалынды сөндірген. Өртті сөндіруге 15 адам жұмылдырылып, үш техника тартылған. Жарақат алғандар жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу