Абу-Дабиде Қазақстан киносының күндері басталды. Ашылу салтанатында режиссер Досхан Жолжақсыновтың "Құнанбай" фильмі көрсетіледі, деп хабарлады "Қазақфильмнің" баспасөз қызметі.
Мәдени іс-шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында ұйымдастырылып отыр.
Бүгін "Қазақ биі" деректі фильмі көрсетілді, ал ертең Рүстем Әбдірашевтың "Қазақ хандығы" тарихи кинодиологиясының екі бірдей маусымы – "Алмас қылыш" және "Алтын тақ" фильмдері ұсынылады.
Қазақстан киносы күндерінің соңғы күні, яғни 29 қаңтарда режиссер Ақан Сатаевтың "Елбасы жолы. Астана" және режиссер Джефф Веспаның "Әміре" фильмдері көрсетіледі.
Туындылардың барлығы қазақ тілінде (ағылшын тіліндегі титрлері бар) ұсынылатын болады. Кіру тегін.