Астанадағы Абу Дабидің құрылысына қатысты тағы дау шықты. Бұл жолы елордадағы ең биік ғимаратты салып жатқан 400-ге жуық адам бір күнде жұмыссыз қалды, деп хабарлайды КТК.
Құрылыс компаниялары алдын ала ескерту жасамаған және өтемақы төлемейтіндерін де ашық айтқан көрінеді. Алайда, жұмысшылар "кет" дегенге, кете салайын деп отырған жоқ. Бір-бір үйді асырап жүрген азаматтар еңбек кодексі бойынша өз құқықтарын талап етуге кірісті.
Астанадағы Абу Дабиді жергілікті жұмысшылармен қатар шетелдік құрылысшылар да салып жатыр. Бірақ, жаппай жұмыстан қуу туралы тосын бұйрық тек ел азаматтарына қатысты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу