Абылай Донбай адам ағзасын заңсыз алғаны үшін ұсталды

2336

Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалған.  

Абылай Донбай адам ағзасын заңсыз алғаны үшін ұсталды

Мұны Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Сондай-ақ, бас дәрігерге "трансұлттық қылмыстық топқа қатысты" деген айып тағылып отыр. Ведомствоның мәліметінше, 2017-2018 жылдары шетелдік азаматтың ұйымдастырған қылмыстық топ Қазақстанда адам ағзаларын трансплантациялаған. Донор ретінде бүйректерін сатуға мәжбүр болған Өзбекстан, Қырғызстан, Украина азаматтары тартылыпты. Ал ағзаға мұқтаж жандар алыс шет елдердің, негізінен, Израильдің қалталы азаматтары болған.

Тергеу барысында Донбайдың қылмыстық топ мүшелерімен алдын ала ымыраласу арқылы адам ағзасын ақшалай сыйақыға бүйректі алу және қайта салу заңсыз операцияларын жүргізгені анықталды. Бұған дейін трансплантолог дәрігер Құттымұратов пен қылмыстық топтың мүшесі Қырғызстан азаматшасы Тайсалова ұсталып, қамауға алынды. Қазір істі тергеу аяқталып, сотқа жіберу шаралары қабылданып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу