Абылай Мырзахметов 7 млрд теңге қайтарды

460

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Абылай Мырзахметов 7 млрд теңге қайтарды Фото: informburo.kz

"Қазіргі уақытта "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы А.И. Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша мемлекет кірісіне 7 млрд теңге сомасында заңсыз алынған ақшалай қаражат аударылды", – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңге қайтарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу