Абылай Мырзахметов қызметінен кетті

6489

Ол елдегі бизнесті одан әрі дамытуға өз үлесін қосатынын атап өтті.

Абылай Мырзахметов қызметінен кетті

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Елордада өтіп жатқан "Атамекен" ҰКП-ның IX кезектен тыс съезінде палатасы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов өз еркімен қызметінен кететінін атап өтті.

"Палата жұмыс істеп тұр. Мен оған қуанамын. Барлығыңызға алғыс айтамын. Біз палатаны құрдық, оны одан әрі дамыту керек, қауымдастықтар арасында түсінбестік бар. Мен басқарма төрағасы ретінде басқармадағы әріптестеріммен бірге қызметтен кетемін деп шешім қабылдадым. Барлығыңызға алғыс айтамын. 8 жыл – бұл ұзақ мерзім", – деді басқарма төрағасы.

Сондай-ақ ол алдағы жоспары туралы айтты.

"Араларыңызда қаламын. Жақында берген сұхбатымда не істейтінімді айттым. Өзім ауылда өстім, қаным қазақ. Ауылға жаным ашиды. Осы қоғамдық жұмысты жүргізу үшін елге барамын. Қазақ балаларын жұмысқа тартамын. Қолымнан келгенше бар жинаған тәжірибемді, білімімді, жігерімді соған жұмыс істеймін", – деді Абылай Мырзахметов.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу