Абылай Мырзахметов шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелігіне қабылданды

739

Абылай Мырзахметов шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелігіне қабылданды

Шетелдік инвесторлар кеңесінің жаңа мүшелері анықталды, деп хабарлайды Atameken TV.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың таныстырғандай оған елімізден "Атамекен" КҰП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кеңес мүшелігіне қабылданды. Сондай-ақ, "Эксон Мобил Продакшн" компаниясының президенті Нил Даффин, Еуразиялық даму банкінің басқарма басшысы Андрей Бельянинов және Марко Мариотти мен Ямазоэ Шигеру кеңес өкілдері болып таңдалды.

Еске сала кетсек, бүгін елодадағы "Тәуелсіздік сарайында" Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-ші кеңейтілген отырысы өтуде. Кеңес ҚР үкіметі мен шетел инвесторларының арасындағы тікелей диалогты қамтамасыз ету мақсатында 1998 жылы құрылған. ШИК құрамына 35 ірі трансұлттық шетел компаниялары мен халықаралық ұйымдар енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу