Абылай Мырзахметовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

333

Бұл туралы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәлімдеді.

Абылай Мырзахметовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды Фото: inbusiness.kz

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовтің қамауға алу мерзімі 10 желтоқсанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"2023 жылғы 31 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А. Мырзахметовке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2023 жылғы 10 желтоқсанға дейін ұзартуға санкция бергенін хабарлаймыз", - делінген Астана сотының баспасөз қызметі мәліметінде.

Басқа деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Абылай Мырзахметов 2023 жылдың 12 мамырда қамауға алынған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мырзахметов туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектесті деген күдікпен кәсіпкерді аса ірі көлемде пара беруге итермеледі және алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу