Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Абылайхан Жұбаназар Душанбеде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде үздік үштікке енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Абылайхан 81 келі салмақта өткен кіші финалда чехиялық Адам Копецкиді мерзімінен бұрын жеңді.
Осылайша, Жұбаназар әлемдік турнирдің жүлдегері атанып қана қоймай, олимпиадалық рейтингте маңызды ұпайға қол жеткізді.
Айта кетелік, Душанбедегі Grand Slam турнирінде Қазақстан спортшылары сәтті өнер көрсетуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу