Абзал Әжіғалиев "алтын" алды

755

Коломна қаласында шорт-тректен Ресей Федерациясының ашық кубогі өтуде. 

 Абзал Әжіғалиев "алтын" алды

Кеше айдынға шыққан қазақстандықтар екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

500 метрге жарысқан спортшылар арасынан Қазақстан командасының үздігі Абзал Әжіғалиев топ жарды. Тағы бір қазақстандық спортшы Денис Никиша күміс жүлдегер атанды. Үшінші орын ресейлік спортшыға бұйырған. 

Айта кетелік, Ресейдегі кубоктік додаға Қазақстан, Латвия, Нидерланд, АҚШ және Ресей спортшылары қатысуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу