Абзал Әжіғалиев пен Нұрберген Жұмағазиев шорт-тректен Ресей кубогінде топ жарды

1144

   

Абзал Әжіғалиев пен Нұрберген Жұмағазиев шорт-тректен Ресей кубогінде топ жарды

Шорт-тректен Қазақстан құрама командасы оқу-жаттығу жиыны аясында Ресей кубогінің кезеңінде бақ сынады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Нұрберген Жұмағазиев 1500 және 500 метрде топ жарса, 1000 метрде екінші орын иеленді. 1000 метрлік сайыста Абзал Әжіғалиев чемпион атанды. Әділ Ғалиахметов үздік үштікке енді. Сондай-ақ, Ғалиахметов 500 метрлік бәсекеде күміс жүлде иеленген болатын. 

"Біз АҚШ-тағы әлем кубогі кезеңіне қатыса алмадық. Сол себепті, бабымызды жоғалтпау үшін Ресей кубогінде бақ сынауда жөн көрдік. Жалпы, бұл жарысты әлем кубогінің үшінші кезеңіне дайындық деп айтсақ болады. Калгариде өткен маусымның алғашқы жарысында күміс жүлдегер атандым. Өзімнің оң жамбасыма келетін 500 метрлік бәсекеде финалға дейін жетіп, жүлдеге іліккенім қуантады. Себебі, мен үш бірдей Олимпиада чемпионымен жарыстым. Кіл мықтылар арасына сына қағып, медаль иеленгенім командаға да жігер береді", - дейді Калгариде өткен Әлем кубогі кезеңінің жүлдегері Абзал Әжіғалиев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу