Абзал Әжіғалиев Сеулде өтетін әлем чемпионатына қатысады

845

Қысқы спорт маусымы басталып, қазақстандық спортшылар байрақты бәсекеге бел сыбана кірісіп кетті.  

Абзал Әжіғалиев Сеулде өтетін әлем чемпионатына қатысады

Қараша айының үздігі атанған шорт-трекші Абзал Әжіғалиев Шанхайда (Қытай) әлем кубогінің төртінші кезеңіне қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Өкінішке қарай спортшы жарыста екі рет финалға шыққанымен, жүлдесіз қалды. Абзал Әжіғалиев арыстағы келеңсіздікті баяндап, алдағы жоспарымен бөлісті. 

"Шанхайда өткен әлем кубогінің төртінші кезеңінде 500 м қашықтықта екі рет финалға жолдама алдым. Алайда, екі финалдық кезеңде де төртінші орыннан көріндім. Бірінші жарысымда кореялық қарсыласым кедергі келтіріп, артымнан итерген соң, құлап қалдым. Сөйтіп, Шанхайдағы доданы төртінші орынмен аяқтадым. Жарыстан жүлдесіз қалдым деп салым суға кетпейді. Себебі, біздің маусым енді басталып жатыр. Алда әлі жарыс көп. Осы маусымдағы басты мақсатымыз – эстафетадан командалық жарыста үздік сегіздікке кіріп, әлем чемпионатына жолдама алу. Ал өзімнің мақсатым – жеке дистанцияда әлем біріншілігінен жүлде алу. Алда жоспар өте көп. Жаңа жылдан кейін ұлттық құрамамен Канадаға аттанамыз. Ол жақта төрт құрлық жарысына қатысып, әлем кубогінің бесінші, алтыншы кезеңдеріне қатысамыз. Жылдың қорытынды жарысы Сеулде (Оңтүстік Корея) өтетін әлем чемпионаты болмақ", – дейді Абзал Әжіғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу