Абзал Әжіғалиев шорт-тректен әлем кубогінде төрттікке енді

780

Қытайдың Шанхай қаласында шорт-тректен әлем кубогінің төртінші кезеңі өтіп жатыр.  

Абзал Әжіғалиев шорт-тректен әлем кубогінде төрттікке енді

Бүгін ерлер мен әйелдер арасында 500 және 1500 метрге жарысудан, сондай-ақ, командалық эстафетадан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Өкініше қарай, команда үздігі Абзал Әжіғалиев медальға қол созым жерден тоқтады. Ол 500 метрге жарысудан төртінші орын иеленді. 

Осы қашықтықта сынға түскен Нұрберген Жұмағазиев 24-ші, Еркебұлан Шамұханов 36-шы нәтиже тіркеді. 

1500 метрге жарысқан ерлер арасында Мерсаид Жақсыбаев 22-ші, Нұртілек Қажығали 27-ші, Әділ Ғалиахметов 31-ші орыннан көрінді. 

500 метрге жарысқан қыздар арасында Алена Волковитская 33-ші орын алса, 1500 метрге жарысудан Ольга Тихонова 27-ші сатыға тұрақтады. 

Ал аралас командалық эстафетада Қазақстан құрамасы 8-ші орын алды. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу