Абзал Әжіғалиев шорт-тректен Әлем кубогінде үшінші орында келеді

815

16 ақпан күні Нидерландтың Дордрехт қаласында шорт-тректен әлем кубогінің алтыншы кезеңі мәресіне жетті.  

Абзал Әжіғалиев шорт-тректен Әлем кубогінде үшінші орында келеді

Кубоктік додада Қазақстан командасының мүшесі Абзал Әжіғалиев қола жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әжіғалиев 500 метрге жарысудан үздік үштікке енді. Ол алтыншы кезеңде 6400 ұпай жинап, әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді. 

Ол алты әлем кубогінің қорытындысы бойынша 24 664 ұпай еншілеген. 500 метрге жарысудан көш басында 50 096 ұпай жиған венгриялық Шаолинь Шандор Лю келеді. Екінші орында қытайық У Дацзинь (32171).
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу