Абзал Әжіғалиев шорт-тректен әлем кубогінің қола жүлдегері атанды

612

Нидерландтың Дордрехт қаласында шорт-тректен әлем кубогінің алтыншы кезеңі аяқталды. 

 Абзал Әжіғалиев шорт-тректен әлем кубогінің қола жүлдегері атанды

Кубоктік додада қазақстандық Абзал Әжіғалиев қола жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Абзал 500 метрге жарысқан спортшылар арасында мәреге үшінші болып келді. Ол аталған қашықтықты 41,394 секундта жүгіріп өткен. 

Алтын жүлдені Оңтүстік Корея өкілі Ли Джун Сео иеленді (41,087). Күміс медаль бельгиялық Десмет Стейн еншісінде. 

Айта кетелік, бұл Абзалдың биылғы маусымдағы екінші жүлдесі. Бұған дейін қазақстандық спортшы АҚШ-та өткен әлем кубогінің ең алғашқы кезеңінде үздіктер қатарына енген болатын.   
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу