Абзал Әжіғалиев жарыстан алған әсерімен бөлісті

1044

Спортшы жеңіс тұғырынан көріну үшін барын салғанын жеткізді.

Абзал Әжіғалиев жарыстан алған әсерімен бөлісті

Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 500 метрлік қашықтықта төртінші орынға ие болған спортшымыз Абзал Әжіғалиев тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында жарыстан алған әсерімен бөлісті, деп жазды inbusiness.kz.

"Ел намысын қорғап, абыройлы өнер көрсеттім деп ойлаймын. Медаль алуыма тактика жетіспеген шығар. Мен үшін финалға дейінгі кезең қиын болды, себебі қарсыластарым олимпиада чемпиондары еді. Ал жартылай финалда шорт-тректен Қытайдың олимпиада чемпионымен қарсылас болдым. Шорт-тректің бір айырмашылығы алдын ала ешқандай болжам жасау мүмкін емес. Көрермендерге көңіл-күй сыйлай алдым деген үміттемін және қарапайым халық шорт-тректің қандай спорт екенін тани түсті деп сенемін. Себебі халық көбіне шорт-тректі конькимен шатастырып немесе байланыстырып жатады”, – деді спортшы. 

Еске сала кетсек, шорт-тректен Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков Бейжің Олимпиадасындағы өз шәкірттерінің өнеріне жоғары баға берген еді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу