Абзал Құспан: Полиция ішінде де арандатушылар бар сияқты

2797

Адвокат Абзал Құспан қаңтар оқиғасына қатысты "қоғам атынан тексеру жүргізетін" комиссия құруға ниетті. Ол мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің қабылдауынан шыққаннан кейін осылай деп мәлімдеді. 

Абзал Құспан: Полиция ішінде де арандатушылар бар сияқты

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары, оның ішінде бірінші кезекте полицияға адам құқықтарын сақтау туралы қатаң тапсырма бергені белгілі.

Алайда Абзал Құспанның айтуынша, жағымсыз хабарды таратушылар жағынан да, полицияның өзі тарапынан да жаңа тәртіпке мойынсұнғысы келмейтін арандатушылар бар сияқты. 

"Дәл ондай арандатуға басқа-басқа қазіргі уақытта Ақорда мүдделі емес екені айдай анық қой. Ендеше сол жағдайларды қоғам атынан тексеріп көруді бізге сеніп тапсырып отыр", – деді адвокат

Ол енді комиссия құрудың заңдылығы, өкілеттігі сияқты мәселелерді талқылауға Бас Прокуратураға бармақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу