Абзал Нүкенов Алматы әкімінің орынбасары болды

366

Бұл туралы Алматы әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абзал Нүкенов Алматы әкімінің орынбасары болды Фото: Алматы әкімі

– Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Абзал Нүкенов тағайындалды, – делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ол ішкі саясат, мәдениет, спорт, білім, жастар саясаты және дін істері салаларына жетекшілік етеді.

Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Жетісу облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Алматы ішкі саясат департаментінде жұмыс істеген, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болған.

Әр жылдары Қауіпсіздік Кеңесінің Ситуациялық орталығын басқарған, Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу