Аctiv абоненттеріне киноға, театрға немесе көрмеге бару әлдеқайда жеңіл және ыңғайлы болды. Енді абоненттер Ticketon.kz сервисінің барлық іс-шараларына билеттерді абоненттік нөмір теңгерімі есебінен сатып алу мүмкіндігіне ие. Бұл туралы Kcell компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады 7күн.
Билетті тапсырысты рәсімдеп алғаннан кейін, "Аctiv теңгерімінен төлеу" нұсқасын таңдау арқылы сатып алуға болады. Сатып алу сомасы 23 мың теңгеге дейін. Бұдан кейін абонентке 7701 нөмірінен SMS келеді. Төлемді растау үшін хабарламаға жауап ретінде 1 санын жазып тегін SMS жіберу керек. Қаражат абоненттің дербес шотынан ұсталғаннан кейін, төлем нөмірін қамтитын хабарлама келеді. Осы нөмірдің көмегімен www.check.activ.kz сайтында сатып алуды тексеруге болады. Билеттердің құны олардың санына және іс-шараның түріне байланысты болады.
"Заманауи әлемде уақыт – басты ресурстардың бірі саналады, сол себепті біздің компания абоненттеріміздің ыңғайлығы мен жайлылығы үшін мобильді қаржы сервистерін белсенді түрде дамыту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Абоненттік нөмірдің теңгерімінен Ticketon.kz сервисінде билеттер сатып алу актив абоненттерінің арасында кеңінен таралып жатыр. 28-ші Қысқы Универсиада жарысына билеттер сатып алу үшін дәл осы әдіс қолданылған болатын. Әрі осындай транзакциялардың орташа чегі шамамен 3000 теңге құрады. Біз алдағы уақытта компания клиенттерінің мүмкіндіктерін кеңейту үшін электронды қаражатты пайдалана отырып мобильді қаржы қызметтері саласындағы сервистік және технологиялық шешімдердің кең спектрін енгізуді жоспарлап отырмыз",-деп атап өтті "Kcell" АҚ-ның бас атқарушы директоры Арти Отс.