Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, биыл 2 желтоқсан күні сағат 21:57–де Шаляпин көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері "Тойота" автокөлігін тоқтатқан. Медициналық сараптама нәтижесінде көлік жүргізушісі наша шегіп, оған масаң күйде болғаны анықталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тергеу барысында "Тойота" автокөлігінің иесі Арман Сейтжапбар өз көлігін есірткі шегіп, мас болған адамға тапсырғандығы белгілі болған.
— Сот шешімімен екі азамат та қамауға алынды. Сондай-ақ, жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, — деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу