Адай жылқысы тұқымын көбейту бойынша ғылыми-зерттеу бағдарламасы әзірленбек

Ауыл шаруашылығы вице-министрі  Әбілхайыр Тамабек Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды. 

Адай жылқысы тұқымын көбейту бойынша ғылыми-зерттеу бағдарламасы әзірленбек Фото: ortcom.kz

Бұл ретте ол жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесіп, келесі жылы АӨК саласына енгізілетін негізгі жаңалықтар туралы айтты. Бұл ретте ол өңір мақтанышы – Адай жылқысы тұқымын көбейту бойынша ғылыми-зерттеу бағдарламасын іске асыру жоспарланып отырғанын айтты.

"Министрлік 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде Адай жылқысы тұқымын жетілдіру және құру жөніндегі ғылыми-зерттеу бағдарламасын іске асыруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта 2023 жылдың басында алғашқы отырысын өткізетін жұмыс тобы құрылып жатыр", - деп атап өтті Ә.Тамабек.

Маңғыстау облысында Адай тұқымды жылқыларды өсірумен айналысатын фермерлік шаруашылықтар көбейіп келеді. Жергілікті тұрғындар бұл жылқыны мойындау аймақтың АӨК-не оң әсер етіп қана қоймай, бірегей тұқымның ұлттық брендке айналатынына сенімді.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті қараша айында өңірге жұмыс сапары кезінде бірегей жануарларды ғылыми тану жөнінде шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу