Adal партиясы: Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс стилі бізге ұнайды

1246

Adal партиясы Amanat-қа қосылатынын мәлімдеді.

Adal партиясы: Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс стилі бізге ұнайды

Партияның саяси кеңесі мүшелері "кей мәселелерге қатысты пікір қайшылығын қойып, "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып", бірге қадам жасайтын кезең туды" деген шешімге келген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Партияның әлеуметтік желіде жарияланған үндеуінде бұндай шешім сыртқы саясаттағы қазіргідей қауіп-қатердің кезінде бірігіп қимылдау үшін қабылданғаны айтылған.

"Дәл қазір, тірліктің күші де, береке көзі де – бірлікте. Adal партиясының бүгінгі күнге дейінгі тың идеялары мен заманауи технологиялық көзқарастары Президентімізге салмақты қолдау бола алады деп есептейміз. 

Кез келген өзгерісте сабырлы қалпымен салмақты шешім қабылдайтын Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс стилі бізге ұнайды. Ол қазір әділетті мемлекет құруды көздеп отыр. Мемлекет басшысының бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауы аясында айтқан саяси реформалары соның тағы бір дәлелі.

Бірақ бұл айтылған реформалар қалай жүзеге асырылады? Мәселе осында. Ол үшін бүкіл қазақ қоғамы бірігуі қажет. Президент реформаларының жергілікте жерде тиісті деңгейде іске асырылмай қалу қауіпі жоғары. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан "Достарға – бәрін, қалғанына заң бойынша" деген қағидамен келген қоғамның өткенін ұмытпауымыз керек.

Сол үшін, біз, адалдықтар Жаңа Қазақстанды құруға белсенді қатысып, еліміздегі оң өзгеріске үлес қосқымыз келеді.

Партияластарымызбен ақылдаса келе, бүгін Adal-дың Саяси кеңесінде президенттік Amanat партиясына қосылу туралы бірауыздан шешім қабылдадық.

Партия жанашырларына айтарымыз, осы уақытқа дейін халықтың табысын арттыру, әр ауылдың мамандану картасын әзірлеу, әкімдерді әдістемелік қолдау және басқа да партия мүшелерінің алдында алған міндеттемелерімізді толық орындаймыз. Оған күмән болмасын", – деп жазылған үндеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу