"ADAL" саяси партиясы Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін ұсынды

813

Елордада "ADAL" саяси партиясының VII съезі өтіп жатыр. 

"ADAL" саяси партиясы Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін ұсынды

Жиын барысында Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Партия төрағасы Серік Сұлтанғалидың айтуынша, бұл тізім партияның жаңа мүшелерінің белсенділігі мен тәжірибесіне сүйене отырып құрылған.

"Партияның атауы өзгерген сәттен бастап біздің қатарымызға бес мыңнан астам жаңа мүше қосылды. Біз партиялық тізімге толық енген Саяси кеңес мүшелерін қоса алғанда, тәжірибелі кадрларға да, қатарымызға жаңадан қосылғандарға да мүмкіндік беруге тырыстық", – деп атап өтті ол.

Саяси кеңес делегаттары мен мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша

"ADAL" партиясынан Мәжіліс мандатына кандидаттар тізіміне 20 адам енді. Олардың арасында танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, экономистер, саясаттанушылар, сарапшылар бар.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу