"Адалдық" презумпциясына басымдық беріледі

788

Бизнес субъектілері жоспарлы тексерулерден де босатылды. 

"Адалдық" презумпциясына басымдық беріледі

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов
жыл соңына дейін бизнес субъектілеріне жоспарлы салықтық тексерулер жүргізілмейтінін жариялады. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 жылға шағын және микрокәсіпкерлікке тексеру және профилактикалық бақылау жүргізуге мораторий енгізілгенін білесіздер. Сонымен қатар жыл соңына дейін бизнестің барлық санаттағы субъектілері үшін жаңа жоспарлы салықтық тексеру жүргізілмейді", – деді Руслан Дәленов.

Министрдің мәлімдеуінше, кәсіпкерлердің құқығын қорғау үшін олардың  "адалдық" презумпциясына басымдық беріледі. 

"Заңнамадағы әртүрлі түсініктер адал кәсіпкерлердің пайдасына қолданылады", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу