Адам азаптағаны үшін қанша қазақстандық сотталды?

775

2020 жылы жабық мекемеде адам азаптағаны үшін 13 қазақстандық заң алдында жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Адам азаптағаны үшін қанша қазақстандық сотталды?

2019-2020 жылдары жүргізілген алдын ала барулар қорытындылары бойынша ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушыларының баяндамасында "Жабық мекемелерде азаптауды қолдану дерегі бойынша 2019 жылы Қылмыстық кодекстің 146-бабы ("Азаптаулар") бойынша 24 адам, ал 2020 жылы 13 адам сотталды" деп жазылған. 

2020 жылы Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі бойынша ("Күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіріп билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану") 41 лауазымды адам жауапқа тартылды, ал 2019 жылы аталған бап бойынша 38 адам сотталған.

Айта кетейік, ҰАТ азаптауды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерін анықтау және алдын алу мақсатындағы жабық мемлекеттік мекемелерге қоғамдық бақылауды жүргізудің бір түрі болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу