Адам қаққан автокөлік ішінде Өскемен қаласының әкімі де болған

720

Адам қаққан автокөлік ішінде Өскемен қаласының әкімі де болған

Риддерде адам қаққан шенеуніктің көлігінде Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев та болған. Бұл туралы ШҚО прокуроратурасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды astanatv.kz.

Оқиға 15-сәуірде орын алған еді. Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев басқарған қымбат көлік 19 жастағы жігітті қағып өлтірді. Бейне тіркеуіштен алынған видеода көліктің жолда қауіпті жағдайда жүріп келе жатқаны көрініп тұр. Соңынан полицейлер қуып келе жатқаны да байқалады. 

Прокуратураның хабарлауынша, қайтыс болған жігіттің әкесінің досы Риддердегі полиция басқармасына шағым жазғаннан кейін, басшылардың бірінен қысым көрген. Олардың процессуалдық шешім қабылданатынын айтып, өзін қорқытқанын айтқан. Қазір полиция қызметкерлеріне қатысты іс қозғалған.

"Қазіргі уақытта облыстық ісші істер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасымен Қылмыстық кодексінің 370 және 362 бабымен 3-ші бөлігімен сотқа дейінгі іс жүргізілуде", - дейді ШҚО прокурорының көмекшісі Мақсұт Тоқсанбаев.

Айта кетейік, Өскемен қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шахар басшысы Қуат Тұмабаев қызметін атқарып жүр. Жол апатына қатысты қозғалған іске ол куәгер ретінде тартылған.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу