Адам көп келетін орындар мен аурухана аумақтарында дезинфекциялық кешен орнатылады

1193

Бұдан былай дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жұмысқа кірісерден бұрын осы тоннель арқылы өтетін болады. 

Адам көп келетін орындар мен аурухана аумақтарында дезинфекциялық кешен орнатылады

Нұр-Сұлтан қаласында он дезинфекциялық кешен орнатылатын болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен №3 көпбейінді балалар ауруханасында қаладағы алғашқы дезинфекциялық кешен пайда болды. Бұдан былай дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жұмысқа кірісерден бұрын осы тоннель арқылы өтетін болады.

"Қондырғы бу генераторларының көмегімен жұмыс істейді. Дезинфекциялау құралдары бар бу шығаратын арнайы моторлар бар. Бұл кешен арқылы өту киімнің бар қыртысындағы қауіпті патогендерді жоюға мүмкіндік береді. Қондырғыны медицина қызметкерлері күніне екі рет – жұмысқа шыққанда және ауысым аяқталған соң пайдаланады. Науқастар да осы кешен арқылы өте алады", – дейді Нұр-Сұлтан қалалық №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры Иран Шаметеков.

Сонымен қатар, жақын арада басқа медицина мекемелерінде және адам көп жиналатын орындарда осындай дезинфекциялық тоннельдер орнатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу