Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мемлекет басшысына есеп берді

1105

Асқар Шәкіров қолданыстағы заңнамаға сәйкес президентке 2018 жылғы мекеменің жұмысы туралы есепті ұсынды. 

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мемлекет басшысына есеп берді

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мемлекет басшысына 2018 жылғы өз мекемесінің жұмысы туралы есепті ұсынды. Бұл туралы адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметіне сілтемемен 24.kz хабарлайды.

Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров қолданыстағы заңнамаға сәйкес президентке 2018 жылғы мекеменің жұмысы туралы есепті ұсынды. Аталған құжат  азаматтардың арыз-шағымдарын, мониторингтік қызмет нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылын негізінде жасалған Қазақстандағы адам құқықтары жағдайының талдауы болып табылады.

Есеп ұлттық құқық қорғау мекемесі қызметінің нәтижелері, өзекті құқық қорғау мәселелері, сондай-ақ оларды қорғау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қамтиды. Мемлекет басшысының қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға қажетті тапсырмалар берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу