Адам құқықтары жөніндегі уәкілге ерекше мәртебе беріледі

625

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілге ерекше мәртебе беріледі

Құжатқа сәйкес адам құқықтары жөніндегі уәкіл куәгер ретінде куәлік етуден босатылды. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров: "Заң жобасын дайындау кезінде халықаралық тәжірибені, ең алдымен Париж қағидаттары мен Венеция қағидаттарын мұқият зерделедік. Бізге сондай-ақ алыс және жақын шетелдердегі адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің заңнамалық негізі мен құқық қолдану тәжірибесі пайдалы болды", – деді. 

Оның сөзінше, заң жобасы жағымсыз әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкелмейді. Заң жобасы адамның және азаматтың Конституциямен кепілдік берілген негізгі құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етуді көздейді. Құжат демократиялық процестерді дамытуды күшейтуге, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Белгілі болғандай, заң жобасы парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген. 

"Уәкілдің мәртебесіне, оның қызметінің қағидаттарына, яғни адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мүддесінде заңдылық, ашықтық және тәуелсіздік қағидаттарына ерекше мән беріледі. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге оның қылмыстық жауаптылығына немесе әкімшілік жауапкершілігіне қол сұғылмаушылық мәртебесі беріледі. Осыған байланысты оны жауапкершілікке тартудың ерекше тәртібі енгізіледі. Сонымен қатар уәкіл куә ретінде айғақ беруден босатылады. Уәкілдің заңды қызметіне араласқаны немесе кедергі келтіргені үшін жауапкершілік енгізіледі", – деді сенат төрағасының орынбасары. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу