"Адам өлімі бар": АҚШ-тың мектебінде өткен хоккей матчында атыс тіркелді

Қаралы оқиға АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы жоғары мектептердің бірінде болған.  

"Адам өлімі бар": АҚШ-тың мектебінде өткен хоккей матчында атыс тіркелді Фото: CBS News

Хоккей ойынындағы атыста 2 адам қазатауып, тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

NBC News-тің жазуынша, оқ атты деген күдікке ілінген ер адам оқиға орнында өлі күйінде табылып отыр. 
Зардап шеккен 3 адам ауруханаға жеткізілген, олардың жағдайы ауыр деп бағаланды. 

Көп кешікпей, қарудан оқ атқан ер адамның есімі анықталды. Ол – 56 жастағы Роберт Дорган. Күдікті залда жалғыз болып, отбасы мүшесі қатысқан хоккей ойынын көрген. Ол өз-өзіне оқ атып, алған жарақатынынан көз жұмуы мүмкін деген болжам бар. 

Полиция күдіктінің жәбірленушілермен қандай қарым-қатынаста болғанын анықтауда. Нұсқалардың біріне сай, зардап шеккендер оны танығандықтан, бұл қасақана жасалған шабуыл болуы ықтимал саналады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу