Адам өлімі көп тіркелген өңірлер анықталды

1028

Елде өлім-жітім бір жылда 13% өскен. 

Адам өлімі көп тіркелген өңірлер анықталды

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанда 183,4 мың адам қайтыс болған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,8% артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2016 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, бес жылда қайтыс болғандардың саны бірден 38,5% өскен.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда көз жұмғындар саны 162,6 мың адам болды, бір жылда плюс 21,8%.

Ең көп қайтыс болғандар саны Шығыс Қазақстан облысында – 18,8 мың адам, өткен жылмен салыстырғанда 13,1% көп.

Кейін тізімде Алматы облысы (18,7 мың адам қайтыс болған, бір жылда плюс 15,3%) және Алматы қаласы (18,4 мың адам, бір жылда плюс 25,6%) тұр.

Адам өлімі Маңғыстау облысында аз тіркелген – 4,5 мың адам, өткен жылмен салыстырғанда 6,4% көп. 

Қайтыс болғандар саны Алматыда айтарлықтай өскен, ал Түркістан облысында керісінше азайған (бір жылда 4,3%, 13,6 мың адамға дейін).

Тек Қызылорда облысында қайтыс болғандар саны бір жылда 4,2% немесе 5,8 мың адамға азайған.

Әлемдегі коронавирус пандемиясына қарамастан Қазақстанда ресми деректер бойынша адамдар көбінесе қан айналымы жүйесі ауруларынан қайтыс болған: 43,4 мың адам, өткен жылмен салыстырғанда 18,6% көп.

Екінші орында тыныс алу аурулары тұр: 20,8 мың адам қайтыс болған, бір жылда минус 11,1%.

Үшінші орында ісік аурулары: 14,5 мың адам көз жұмған.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу