Адам өліміне қатысы бар Өскеменнің экс-әкімі тағы қызметтен қуылды

790

Адам өлімімен аяқталған жол апатына қатысы бар деген Өскеменнің экс-әкімі, ақыры, министрліктен де қуылып тынды, деп хабарлайды Аtameken Business.  

Адам өліміне қатысы бар Өскеменнің экс-әкімі тағы қызметтен қуылды

Қуат Тұмабаев Сауда министрлігінде экспортты дамыту департаментін бір ай бойы басқарып келген. Бірақ қызметтен Тұмабаев мамырдың 11-і күні өз еркімен кетіпті. Ал бұған дейін экс-шенеунік Nur Otan партиясының беделін түсіргені үшін мүшеліктен шығарылған. Дәл сол кезде министр Бақыт Сұлтановқа Тұмабаевты қызметінен қуу туралы ұсыныс хат та жолданған. Есте болса, осыдан 3 жыл бұрын Қуат Тұмабаевтың жүргізушісі мас күйінде көлік айдап, кісі қағып өлтірген болатын. Сорақысы, Өскеменнің бұрынғы басшысы оқиға орнынан басқа көлікке отырып, ізін суытқан. Кейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов оның мұндай жоғары лауазымға лайық еместігін айтып, қызметінен босатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу