Адам өліміне себепші болған жүргізуші тұтқындалды

1762

Адам өліміне себепші болған жүргізуші тұтқындалды

БАҚ-та, әлеуметтік желіде  кәмелеттік жасқа толмаған жүргіншілерді қаққан,  бір бала қаза тауып, екіншісі жарақаттанған оқиға жайлы түсірілген видеоматериал пайда болды.

Шымкент қаласында Жібек жолы және Тәуке хан көшелерінің қиылысында Сайрам ауданының тұрғыны "Ваз-21099" көлігімен анасымен бірге жолдан өтіп бара жатқан балаларды қаққан.

Жол апаты салдарынан 2012 жылғы бала оқиға орнында қайтыс болды, ал 2007 жылы туған екінші бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. 29 жастағы әйел мен 2015 жылғы сәби зардап шеккен жоқ.

23 жасар  жүргізуші тұтқынға алынды. Машина айып тұрағына қойылды. Тергеу жұмысы жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу