"Адам өлтіріп қойдым, енді қалай өмір сүремін?!": Байжанов сотта Бишімбаевтың сөзін келтірді

253

Байжановтың айтуынша, дәрігерлер Салтанаттың көз жұмғанын айтқан соң Бишімбаев қолына пышақ алып, өзін өлтірмек болған.

"Адам өлтіріп қойдым, енді қалай өмір сүремін?!": Байжанов сотта Бишімбаевтың сөзін келтірді Фото: Жоғарғы сот

Сотта айыпталушы Бақытжан Байжановтан жауап алу процесі жалғасып жатыр. Ол жауап барысында Нүкенованың өлімі анықталғандағы Бишімбаевтың күйін баяндап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Байжановтың айтуынша, дәрігерлер Салтанаттың көз жұмғанын айтқан соң Бишімбаев қолына пышақ алып, өзін өлтірмек болған.

Ал Байжанов барменді шақырып, полиция келгенге дейін екеуі Бишімбаевты ұстап тұрған. Сол кезде Бишімбаев "қолмен істегенімді, мойныммен көтеремін" деген.

 "Бақытжан, мен не істеп қойдым? Мен қолмен істегенімді, мойныммен көтеремін. Мен адам өлтірдім. Бала-шағаның бетіне қалай қараймын?" деді. Жылап отырып айтты. Қуандық маған "Абылайға (бармен) айтшы, мені жіберсін. Мен енді қалай өмір сүремін?".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу