Адам өлтіруді ақтауға болмайды – Президент

916

Мемлекет басшысы Алматыдағы атысқа қатысты пікір білдірді.

Адам өлтіруді ақтауға болмайды – Президент Фото: akorda.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес отырысында Алматыдағы атысқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына тағы да көңіл айтамын. Полиция қызметкерлері мен сот орындаушысы өздерінің қызметтік борышын атқарды. Өкінішке орай шабуыл салдарынан қаза тапты. Адам өлтіруді оның қандай да бір себебі болса да ақтауға келмейді. Өркениетті қоғамда мұндай сипаттағы кез келген даулар тек қана құқықтық алаңда шешілуі тиіс. Бұған қоса, орын алған қайғылы жайттың мән-жайын анықтау керек. Несие берушілер мен проблемалы борышкерлер арасындағы әсіресе, тұрғын үйге қатысты қарым-қатынас өте нәзік мәселе. Бұл заңдық жетілдіруді талап етеді. Үкіметке, Ұлттық банкке және Қаржылық реттеу агенттігіне бір ай мерзімнің ішінде заңнамалық және нормативтік түзетілер топтамасын дайындау тиіс", – Президент. 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев банктердің кепіл саясатына, бағалау қызметін жетілдіруге, жеке сот орындаушылардың жұмысына және өзге де мәселелерге қатысты екендігін атап өтті.

"Мамандар бұл мәселені тағы бір мәрте тыңғылықты зерделеуі тиіс. Сонымен қатар Үкімет пен Алматы әкімдігі қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің барлығына, бірінші кезекте балаларға қолдау көрсетуі қажет", – Мемлекет басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу